Коронавирус: Қытайда сегіз айда алғаш рет адам өлімі тіркелді

853

Соңғы тәулікте 138 науқас тіркелді.  

Коронавирус: Қытайда сегіз айда алғаш рет адам өлімі тіркелді Фото: rbc.ru

Қытайда коронавирус дертіне шалдыққан науқас қаза тапты. Соңғы рет аурудан қаза табу фактісі мамыр айында тіркелген еді. Бұл туралы денсаулық сақтау және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады. 

Ведомствоның дерегі бойынша, соңғы тәулікте Қытайда COVID-19 жұқтырудың 138 фактісі тіркеліп, аурудың белгісі жоқ 78 адам анықталған. Сонымен қатар 28 адам ем-дом қабылдап аурудан жазылған.

8 қаңтарда 11 миллион халқы бар Шицзячжуан қаласында (Хэбэй провинциясы) локдаун және соғыс жағдайы енгізілді. Бұл шешім коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қабылданды. Қалада мектептер мен тұрғын үй кешендері жабылып, пошта қызметі үш күнге тоқтатылды. Қытай билігі Бейжіңнің оңтүстігінде орналасқан Шицзячжуан мен Синтай қалаларының тұрғындарын бір апта бойы үйден шықпауға үндеді.

Пандемия кезінде құрлықтық Қытайда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 87,7 мың фактісі тіркелді, 82,3 мың адам жазылған. Осы күнге дейін 4,6 мың адам қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу