Коронавирус: Мемлекет басшысы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

876

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдеріне СOVID-19 вирусына байланысты жағдайды қырағы бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Коронавирус: Мемлекет басшысы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың өте жұқпалы 3 штамы анықталғанына алаңдады.

"Жағдайы ауыр және өте ауыр науқастардың саны мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатыр. Сондай-ақ дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдар мен жабдықтардың да жетіспеушілігі байқалады. Реанимация бөлімдерінің 64%-ы ғана жабдықталған", - деді Президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Оның пікірінше, жағдай бұлай жалғаса берсе, денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсуі мүмкін. Осыған байланысты Қасым Жомарт Тоқаевқа тапсырма берді.

"Үкіметке және облыс әкімдеріне реанимация бөлімдерін жабдықтау бойынша шаралар қабылдауды және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының дербес жауапкершілігін бекітуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу