banner

Коронавирус: Өзге елдердегі жағдай қалай

598

Бельгия билігі коронавирустың таралуын болдырмау үшін 10 жастан асқан балаларға жабық үй-жайларда бетперде киюді міндеттеді. Бельгияда вакцинацияланған адамдарға сәуір айының соңына дейін иммунитетті арттыру үшін вакцинаның үшінші дозасын егу ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК Телеграм каналына сілтеме жасап.

Коронавирус: Өзге елдердегі жағдай қалай

Швеция билігі 1 желтоқсаннан бастап Сovid-19 вакцинациясының сандық паспорттарын қолданысқа енгізетіндігін жариялады. Құжат азаматтарға 100-ден астам адам қатысатын бұқаралық іс-шараларға-концерттерге, спектакльдерге, спорттық және т.б. іс-шараларға қатысу үшін қажет болады.

Бірқатар елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді. Германияда екінші күн қатарынан 65 371 жағдай, Оңтүстік Кореяда 3 292 жағдай есепке алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу