Коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

668

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделі. 

Коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 вирусы мен пневмониядан 49 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 493 адамнан коронавирус анықталған. Пандемия басталғалы бері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 488 905-ке жетті.

Сондай-ақ Қазақстанда 2 823 адам коронавирустан айықты. Осылайша, елімізде барлығы 430 060 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Коронавирус пен пневмониядан 49 адам өлімі тіркелді.

18 шілдедегі мәлімет бойынша 55 558 адам COVID-19 вирусынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 17 856 пациент стационарда, 37 702 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"1063 адамның жағдайы ауыр, 228 пациенттің жағдайы өте ауыр, 137 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның  бірінші компонентін  4 872 183 адам,  екінші компонентін 2 772 914 адам салдырды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу