Коронавирус пен пневмониядан 59 адам көз жұмды

612

12 өңір "қызыл аймақта тұр.

Коронавирус пен пневмониядан 59 адам көз жұмды

Елімізде 4 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 4 375 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 466 792-ге жетті.

Өткен тәулікте 2 960 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 418 228 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

14 шілдедегі мәлімет бойынша 45 282 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 880 адамның жағдайы ауыр, 198 пациенттің жағдайы өте ауыр, 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 вирусы мен пневмониядан 59 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның
1-компонентін  4 601 830 адам,  2-компонентін 2 541 853 адам с
алдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу