Коронавирус шетелден келіп жатқан жоқ, ел ішінде таралып жатыр – Денсаулық министрі

548

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, шетелден келушілерден ПТР-тест талап ету жағы әзір қарастырылып жатқан жоқ. Министр бұл туралы үкімет кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Коронавирус шетелден келіп жатқан жоқ, ел ішінде таралып жатыр – Денсаулық министрі

"Алматы, Нұр-Сұлтан қаласындағы вирус жұқтырған адамдардың эпидемиологиялық анамнезін қарағанда, 5 пайызы ғана шетелден келген немесе шетелде болған адамдармен қарым-қатынаста болғаны айқындалды. Сондықтан бүгінгі таңда бұл ауру ел ішінде таралып отырғаны белгілі болды. Сол себепті әзірге біз шетелден ПТР тестпен кіргізу жөнінде шараны қарастырып жатқан жоқпыз",- деді Ажар Ғиният.

Оның айтуына қарағанда, осы айдың ішінде аурудың өсуі байқалады. 

"Сараптама жүргізіп қарасақ, коронавирус былтыр да, оның алдыңғы жылдары да дәл осы айларда өскен. Яғни, инфекциялық аурулардың маусымдық өсуі болған. Біз барлық сценариге дайынбыз. Бұған дейін тәулігіне 16 мыңнан астам ауру тіркелген болатын, біз оны да еңсердік. Қазіргі кезде тәулігіне 187 жағдай тіркеліп отыр", - деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу