Коронавирус: некелесу де ажырасу да азайған

1248

Ажырасу 3 есе азайса, ал неке қию 16%-ға кеміген.

Коронавирус: некелесу де ажырасу да азайған

Елімізде COVID-19 пандемиясы кезінде неке қию саны 16%-ға төмендеп, ажырасу саны 3 есе азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың үшінші тоқсанында (қаңтар-қыркүйек) Қазақстанда 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда неке саны 15,7%-ға, ал ажырасу саны бірден 2,6 есеге азайған.

Алайда еліміздегі ажырасу динамикасын барлық мемлекеттік институт пен инстанция қалыпты жұмыс кестесіне оралып, карантин шектеулері алынғанда және халықтың әл-ауқаты бұрынғы қалпына келгенде талдау керек. Себебі, коронавирус кезінде ажырасқандар санының нақты картинасын кейін көруіміз мүмкін.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ажырасу мен неке ара қатынасы рекордтық төмен деңгейде болды – 19,8%. Өткен жылы бұл көрсеткіш жоғары рекордтық теріс мәнге ие болған – 43,5%. 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде еліміздегі некенің 69%-ға жуығы қалаларға тиесілі: 60,4 мың неке. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға аз. Ауылдардағы неке саны 11,6%-ға дейін азайды: 27,2 мың неке.

Осы кезеңде Қазақстандағы ажырасудың 73,4%-ы қалаларда тіркелді – 12,7 мың (бір жыл бұрынғы көрсеткіш - 73,3%) неке, ал ауылдарда – 26,6%: 4,6 мың неке. Осылайша, бір жылда қалалар мен ауылдардағы ажырасу саны 2,6 есе азайды.

Еліміздің барлық өңірінде неке саны азайды: Шымкент (-27,4%), Қостанай облысы (-19,8%), Алматы (-18,3%). Ең аз төмендеу Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды.

Сонымен қатар, барлық облыста да ажырасу саны аз болды. Ажырасу санының ең көп қысқаруы Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу