Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің тізімін әлі жасап біткен жоқпыз – Тимур Сұлтанғазиев

705

Дәрігерлерге өтемақы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен төленеді.

Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің тізімін әлі жасап біткен жоқпыз – Тимур Сұлтанғазиев

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды онлайн брифинг арқылы баяндауға келген Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев қанша дәрігердің тиесілі өтемақы алғанын айтып бере алмады. Журналистердің бірнеше қайтара қойған сұрағына сырғытпа жауап беріп, жалтарған маман "Сізбен жеке байланысқа шығамын" деп құтылып отырды. 

"Біздің қолымыздағы деректер бойынша 51 дәрігер коронавирустық инфекция жұқтырып қайтыс болды. Біз әріптестеріміздің отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Барлық қайтыс болған дәрігер мемлекеттік наградалармен марапаттталды. Індет жұқтырған медицина мамандарына өтемақы төлеудің механизмі бар. Өңірлік комиссиялар әрбір жағдайды қарап, ауру жұқтыру және қайтыс болу жағдайларын зерделеп, Денсаулық сақтау министрлігіне қаулысын жібереді. Дәрігер инфекцияны қызметтік міндетін атқарып жүргенде жұққаны анықталуы керек. Қазір осы деректерді сәйкестендіріп жатырмыз. Осыдан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан өтемақы төлеу туралы хат жіберіледі", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Есжан Ботақара
Фото: "БИЗНЕС Online"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу