Коронавирус жұқтырған тағы 66 жағдай тіркелді

553

Бұдан бір күн бұрын коронавирус жұқтырған 60 жағдай белгілі болған еді. 

Коронавирус жұқтырған тағы 66 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 66 жаңа жағдайы тіркеліп, 98 адам жазылып шықты, деп хабарлады сәрсенбіде COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұдан бір күн бұрын коронавирус жұқтырған 60 жағдай белгілі болған еді.

Жалпы республика бойынша бүгінге дейін коронавирус жұқтырудың 108 мың 362 жағдайы расталған. Оның ішінде Алматыда - 14409 (+6), Нұр-Сұлтанда - 14145 (+11), Атырау облысында - 11112 (+6), Қарағанды ​​облысында - 10317 (+3) ), Шығыс Қазақстан облысында - 8849 (+14), Батыс Қазақстан облысында - 6872 (+2), Шымкентте - 5193 (+2), Алматы облысында - 4985 (+2), Жамбыл облысында - 4131 (+1), Солтүстік Қазақстан облысында - 4160 (+8), Павлодар облысында - 3959 (+4), Қостанай облысында - 3502 (+2), Ақмола облысында - 3506 (+2), Түркістан облысында - 3382 (+2), Маңғыстау облысында - 3343 (+0), Ақтөбе облысында - 3252 (+0), Қызылорда облысында - 3245 (+1) жағдай тіркелген.

Тәулік ішінде 98 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 1, Шымкентте - 38, Ақтөбе облысында - 3, Жамбыл облысында - 11, Қарағанды ​​облысында - 9, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 30, Павлодар облысында - 5 адам.

Жалпы елімізде COVID-19 індетінен жазылған адамдардың саны 103 465-ке жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу