Коронавирус жұқтырған жолаушысы бар ұшаққа Алматы әуежайында жанармай құйылды

1400

Әуе кемесіне жанармай құюда жарлық қауіпсіздік шарасы сақталды. 

Коронавирус жұқтырған жолаушысы бар ұшаққа Алматы әуежайында жанармай құйылды

Сенбіде коронавирус жұқтырған жолаушысы бар Ыстамбұл-Ухань-Ыстамбұл бағыты бойынша чартерлік рейс жасаушы ұшаққа Алматы әуежайында жанармай құйылды, хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"25 қаңтарда TCCJ чартерлік рейсі бойынша Ыстамбұл-Ухань-Ыстамбұл бағытында ұшып бара жатқан ұшаққа  Алматы әуежайында жанармай құйылды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ұшақта коронавирусты жұқтырған жолаушы болған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі Алматы билігі "әуе кемесіне жанармай құюда санитарлық-карантиндік бақылауды күшейте отырып, қажетті шаралар қабылдағанын" атап өтті.         

"Короновирустың елдегі ең ірі мегаполиске енуі мен таралуын болдырмау үшін, жанармай құю операциясы жолаушылар мен экипажды эвакуацияламай жүргізілді", - деп түсіндірді департаменттегілер.

Алматыға Қытайдың бес қаласынан рейстер келетіндігін ескере отырып, мегаполис әуежайында санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешені жүзеге асырылуда. "Бүгін барлық рейстер ерекше бақылауда", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу