Коронавирус жұқтырғандар саны бүгін де артты

662

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 сәуір 13:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус жұқтырғандар саны бүгін де артты

Шұғыл штаб коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 11 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде Түркістан облысында – 2, Шымкент қаласында – 4, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 2.

"Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 529 адам, Алматы қаласында – 848, Шымкент қаласында – 175, Ақмола облысында – 93, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында – 97, Атырау облысында – 123, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында – 122, Қарағанды облысында – 128, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 182, Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында – 105, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 111, жалпы 2791 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.

Бүгінге дейін 682 адам дертінен емделіп шыққан. Ал 25 адам ауру салдарынан көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу