Коронавирус жұқтырғандардың бірі – бортсерік

1221

Ол 12 наурызда жұқпалы аурулар ауруханасында карантинге жатқызылған. 

Коронавирус жұқтырғандардың бірі – бортсерік

Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың бірі 12 наурызда Берлин – Алматы бағыты бойынша ұшып келген чартерлік рейс бортсерігі. Бұл туралы Алматыда өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 

"Коронавирус расталғандардың бірі Берлин - Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген бортсерік. Ол 12 наурызда ұшып келген күннен бері жұқпалы аурулар ауруханасында карантинге жатқызылған болатын", – деді басқарма басшысы. 

Қазіргі кезде Алматы емханаларында Covid-19 диагнозы расталған 22 адам ем қабылдауда. Басқарма басшысы олардың жағдайлары орташа екенін айтты. 

Жалпы елімізде коронавирустық инфекция жұқтырған 49 адам тіркелді. Оның 25-і  – елордада, 22-сі  –  Алматыда және 2-уі  – Қарағандыда. 
     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу