Коронавирус жұқтырғандардың екеуі – бала

862

Алматыда өкпені жасанды тыныс алдыратын құрал жеткілікті.

Коронавирус жұқтырғандардың екеуі – бала

Алматыда коронавирусқа жұқтырған тағы бір адам тіркеліп, науқастар саны 19-ға жетті. Бұл туралы шаһарда өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 

"Коронавирус анықталған адам Ресей Федерациясының азаматы. Ол 15 наурызда Краснодар – Мәскеу – Алматы рейсімен келген. 17 наурызда бұрын вирус анықталған науқаспен бірге ұшып келгендіктен карантинге алынған. 19 наурызда диагнозы расталды. Қазіргі кезде қалалық клиникалық ауруханада 16 адам ем қабылдауда. Ал балалар инфекциялық ауруханасында екі бала және бір ана жатыр. Олардың жағдайлары орташа",  деді басқарма басшысы. 

Жалпы қала ауруханаларында карантин бойынша 608 адам орналастырылса, 730 адам үйдегі бақылауда. Бұл ретте басқарма басшысы желіде тараған қалада өкпені жасанды демалдыруға қажетті аппараттар жеткіліксіз деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Жалпы қаладағы медициналық мекемелерде өкпені жасанды тыныс алдыратын құрал жеткілікті. Қалалық ауруханаларда 479 аппарат, республикалық мекемелерде 100-ден астам жабдық бар",  деді Тілеухан Әбілдаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу