Коронавирусқа байланысты психологиялық көмек беретін сайт ашылды

1170

Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.  

Коронавирусқа байланысты психологиялық көмек беретін сайт ашылды

Халыққа психологиялық көмек беру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ЮНИСЕФ) covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

"Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады", – деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында.

Аталған жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секорда еңбек ететін 50 маман тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу