Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорына ревизия жүргізіледі

999

Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорына ревизия жүргізілсін. Үкімет жасақталғаннан кейін алғаш селекторлық отырыс өткізген Асқар Мамин қол астындағыларға бүгін осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорына ревизия жүргізіледі

Сондай-ақ, жауаптылар инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдарының бар-жоғына толық тексеру жүргізуге міндеттеме алды.  Үкімет басшысы мұның бәрін алдағы бір апта ішінде реттеу қажеттілігін ескертті. Әрі орынбасары Ералы Тоғжанов тапсырманың орындалуын жеке бақылап, күн сайын оған есеп беріп тұруға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу