Коронавирусқа қарсы отандық екпені клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды

1212

Жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасы салынып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілген.

Коронавирусқа қарсы отандық екпені клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Алматы қаласындағы аймақтық  филиалының фармакологиялық сынақ зертханасы базасында COVID-19 (QazCovid-in ®️ ) қарсы қазақстандық белсенді емес вакцинаны клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасы салынып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілген. Сонымен қатар, отандық вакцинаның ағзаға аллергиялық реакциясы мен денені тітіркендіргіш әсерінің жоқ екені анықталған.

"Жіті зерттеу нәтижелері клиникаға дейінгі зерттеу COVID-19 қарсы отандық вакцина уытты емес екенін анықтады және оны кейін клиникалық сынақ барысында ерікті адамдарға  қолдануға болатындығын көрсетті",– деп жазылған хабарламада.

Ал б.ғ.к.,доцент, ҚР ДСМ ҚКК және БТУ ШЖҚ РМК Алматы фармакологиялық сынақ зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукштаның айтуынша, жаңа вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін толық бағалау үшін, қазақстандықтарды вакцинациялау үшін одан әрі кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет. Зерттеудің барлық кезеңі өткізілгеннен кейін ғана вакцинаның қауіпсіздігі туралы айтуға болады.

Айта кетейік, барлық эксперимент орталықта эксперименттік жануарларға жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың жұмысын өзінің ресми сайтында тіркеп, оны клиникаға дейінгі зерттеуге рұқсат етілген Covid-19 қарсы вакцинаға кандидаттардың тізіміне қосқан болатын.

Отандық белсенді емес вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, ол Қазақстандағы науқастардан бөлінген вирус штаммы негізінде жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу