Қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет жоғары

597

Бұл туралы зертханалық талдаулар арқылы анықталған, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет жоғары

"Осы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында "ОЛИМП" зертханасында SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы жиынтық антиденелер мен коронавирустың S-ақуызына қарсы антиденелерді анықтауға бағытталған талдауларды 3 720 пациент тапсырды, олардың 60%-ы әйелдер болса, 40%-ы – ерлер", – деп хабарлады "КДЛ ОЛИМП" ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес пациенттердің 91%-ында коронавирусқа қарсы антиденелер бар болып шыққан.

"Бұл ретте жынысы, жасы мен тұратын аймағына қарай айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады. Осылайша, біз қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің жоғары екендігін көріп отырмыз. Соңғы толқында аурудың бәсең таралуы мен ковид жұқтырғандар арасында ауыр жағдайлардың аз болуы осыған байланысты болуы мүмкін", – деді компания басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу