"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда "Спутник V" вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен Ресей Федерациясы тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда вакциналарды "СҚ-Фармация" компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр", – деді Денсаулық сақтау министрі.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу