Коронавирусқа қарсы вакцина сатылымда жоқ – министр

843

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой COVID-19 вирусына қарсы вакцина еркін сатылымда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Коронавирусқа қарсы вакцина сатылымда жоқ – министр

Алдымен министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспардағыдай жүріп жатқанын атап өтті.

"Мен вирусқа қарсы вакцинаның санына тоқталайын. Бұл мәселені барлығына түсіндіру керек. Қазақстан нарығында бірнеше елде өндірілген коронавирусқа қарсы вакцина бар", - деді Алекцей Цой ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, БАҚ-тағы мәліметке сәйкес, өндіруші елдер өз тұрғындарына екпе салу үшін вакцинаны экспорттауға шектеу қойып жатыр.

"Мысалы, Еуропа елдері коронавирусқа қарсы вакцинаның экспортына шектеу қойды. АҚШ, Қытай және тағы басқа мемлекеттер алдымен өз тұрғындарына вирусқа қарсы екпені салып жатыр. Сондықтан нарықта, сатылымда коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Бұл мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда СОVID-19 вирусының жаңа штамы қай өңірлерде тіркелгені хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу