Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 769 адамның жағдайы ауыр

685

1 мамырдағы ақпаратқа сәйкес 42 510 адам коронавирус инфекциясынан  емделуде. 

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 769 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 мамырдағы ақпаратқа сәйкес 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:

• 769 адамның жағдайы ауыр;

• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке келер болсақ, 2021 жылғы 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркеліп, 7 адам қайтыс болған. 95 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 52 942, өлім жағдайлары - 801, барлығы 51 650 адам сауығып шықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу