Коронавирустан 14 мыңнан аса отандасымыз көз жұмған

768

Қазақстан толық "жасыл" аймақта. 

Коронавирустан 14 мыңнан аса отандасымыз көз жұмған

Өткен тәулікте еліміз бойынша 6 адамнан коронавирус анықталған. 

Бұл жұқпалы дерттен емделіп жатқандар саны әлі де аз емес. 6 010 адамның (4 990+ және 1 020 КВИ-) 593-і стационарда жатса, 5 417 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

ДСМ мәліметіне сүйенсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 48 адамның жағдайы ауыр, 22 пациенттің жағдайы өте ауыр, 13 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте өлім-жітім тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу