Коронавирустан 3,9 млн адам қайтыс болды

660

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның мәлімдеуінше елімізде коронавирус жұқтыру мен вакцинациялау қарқыны қатар өсіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирустан 3,9 млн адам қайтыс болды

"Бүгінгі таңда жер шарындағы пандемияның қоздырғыш вирусының әртүрлі нұсқаларының кең таралуына байланысты вакцинацияға деген сұраныс, талпыныс, вакцинамен қамтамасыз ету белсенділігі көптеген мемлекетте байқалуда. Жер шарында 182 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Өкінішке қарай, 3,9 млн өлім тіркелді", – деді басқарма төрағасының орынбасары. 

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны жарты миллионға жақындап қалды. 

"Елімізде 423 137 коронавирус індеті анықталды. Оның ішінде соңғы тәулікте 2 016 жағдай тіркелді. Коронавирусқа ықтималдығы жоғары, пневмониямен қатар жүретін 57 025 жағдай, оның ішінде соңғы тәулікте 83 факті белгілі болды", – деді басқарма төрағасының орынбасары. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу