Коронавирустан қайтыс болғандардың саны көбейіп жатыр

740

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой осындай жағымсыз жайтты жариялады.  

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны көбейіп жатыр

COVID-19 инфекциясынан қайтыс болып жатқандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында және Алматы облысында тіркелген, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі министрдің мәлімдемесіне сүйеніп.

"Сәуір айында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кетті. Инфекция жұқтыру мен осының салдарынан өлім-жітім жағдайы жиілеп кетті.  Ақпаннан бастап коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1,4 есеге артты. Өлім-жітімнің 57%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелді", – деді Алексей Цой.

Оның сөзінше, елімізде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты тәуліктік тестілеу саны 48 мыңға дейін ұлғайды. 

"Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты өңір әкімдері жедел әрекет етуге ұйытқы болды. Вирустың алдын алу әрі эпидемияға қарсы іс-шаралар үздіксіз жүріп жатыр", – деді Денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу