Коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші Қазақстанда едәуір төмен

686

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің есебі бойынша, келесі 1-2 аптада індет таралуының шарықтау шегі тіркеледі.

Коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші Қазақстанда едәуір төмен Фото: Максим Морозов

12 сәуірдегі соңғы дерек бойынша, әлемде 1,8 миллион адам коронавирус жұқтырып, оның 109 мыңы қайтыс болған. 405 мың кісі аурудан жазылған. 

Әлем бойынша вирустан қаза табудың орташа көрсеткіші 6,1 пайызға жеткен. Яғни барлық науқастардың 6,1 пайызы аурудан көз жұмады. Бұл көрсеткіш Еуропада 8,6 пайыз, Океанияда 0,8 пайыз, Азия елдерінде 3,7 пайызды құрайды.

Ranking.kz-тің жазуынша, Қазақстанда Covid-19 вирусынан қаза табу көрсеткіші небәрі 1,1 пайыз. 

Осы күнге дейін 86 отандасымыз тиісті ем-дом қабылдап аурудан айыққан. 815-і әлі де дәрігерлердің бақылауында. 

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, келесі аптада вирустың таралу динамикасы өз шегіне жетіп, содан кейін індет қарқыны бәсеңдейді. Вирусты жұқтыру көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында 8,5 пайыздан 1 пайызға, Алматыда 15 пайыздан 2,5 пайызға түскен. 

Ескере кететін жайт, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерге 2 миллион теңге бөлінеді. Ал егер де дәрігер індеттен қаза тапса, оның отбасына 10 миллион теңге тағайындалады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу