Коронавирусты екінші рет жұқтырып, қайтыс болудың алғашқы фактісі тіркелді

704

Соңғы тәулікте 307 мың науқас тіркелді.

Коронавирусты екінші рет жұқтырып, қайтыс болудың алғашқы фактісі тіркелді

Нидерланд елінде 89 жастағы әйел коронавирус дертіне екінші мәрте шалдығып көз жұмды. Бұл туралы Оксфорд университетінің басылымы хабарлады.

Жергілікті зерттеушілердің айтуынша, қан жасушалары ауруы мен иммунитет тапшылығы дертінен азап шегіп жүрген ол алғашында коронавирус инфекциясынан жазылған болатын. Өкінішке орай, екі ай өткеннен кейін вирусты тағы да жұқтырып қаза тапты. 

BNO басылымының дерегінше, бұл – вирусты екінші рет жұқтырып, қайтыс болудың алғашқы фактісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметінше, әлемде қауіпті ауруға шалдыққан науқастардың саны 37,4 миллионнан асып, оның миллионнан астамы ажал құшқан. Соңғы тәулікте 307 мың науқас тіркелді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу