Коронавирусты жұқтырғандар саны 826 адамға артты

511

Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирусты жұқтырғандар саны 826 адамға артты Фото: Максим Морозов

Шұғыл штаб өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 83, Алматы қаласында – 73, Шымкент қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны белгілі болған.

Ең көп жағдай ШҚО-да тіркелген – 135. Одан кейінгі орындарда Павлодар облысы – 120, Солтүстік Қазақстан облысы – 105, Ақмола облысы – 86, Қостанай облысы – 85.

Ал өзге өңірлерде салыстырмалы түрде азырақ: Ақтөбе облысында 1 жағдай анықталды, Алматы облысында – 33, Атырау облысында –18, Жамбыл облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 39, Қарағанды облысында – 25, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 2.

Елімізде COVID-19 алғаш рет тіркелгелі бері бұл вирус 130865 адамға жұғыпты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу