Коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдап жатыр

479

Министрліктің 30.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдап жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 313 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 303 науқас жатыр. 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 135 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 9 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 392 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Осылайша елімізде коронавирус жағдайы тіркелгелі аталған дертке шалдыққандар саны 111492-ге жетіп отыр.

Шұғыл штабтың хабарлауынша, олардың 106187-сі емделіп шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу