Коронавирустың үндістандық штамы анықталған жоқ – Алексей Цой

596

Үндістан штамы – СОVID-19 вирусының ең қауіпті түрі. 

Коронавирустың үндістандық штамы анықталған жоқ – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Үндістанға тікелей әуе рейстері жоғын және оған тыйым салынғанын білесіздер. Сондай-ақ Үндістаннан келгендер 14 күн медициналық бақылауда болып, оқшалануы керек. Бүгінде Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы анықталған жоқ. Біз тиісті өлшемдерді жүргізуді жалғастырып жатырмыз", – деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу