Коронавирустың жаңа штамы анықталды

808

Мамандар "арктур" штамының тез жұғатынын ескертті.  

Коронавирустың жаңа штамы анықталды Фото: google

Омикрон штамының тағы бір мутациясы Arcturus туралы не білуіміз керек? ДДҰ ғалымдары бұл вирус өте тез жұғатынын, алайда, өмірге қауіпсіз екенін ескертті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Arcturus штамы алғаш рет 2023 жылдың қаңтарында анықталды. Бұл – 2021 жылдың соңында табылған Omicron штамының кезекті мутациясы.Үндістан жерінде тіркелген вирус әзірге әлемнің 29 елінде тіркеліп отыр. Медициналық атауы "XBB.1.16" вирусы АҚШ, Сингапур, Австралия, Үндістанда тез тарап, халықты әбігерге салып үлгерді.

"Сірә, біз жұқтыру жағдайының көбеюін байқауымыз мүмкін және осыған байланысты ауруханадағы науқастар саны артады деп болжаймын. Бірақ, денсаулық сақтау жүйемізде пандемия кезінде болған ауыртпалық қайта тіркелуі екіталай", деді Торонто жалпы зерттеу ауруханасының клиникалық қызметкері,  доктор Исаак Богоч.

Мамандардың айтуынша, "арктурдың" жұғу қаупі жоғары. Бұған қоса, ол антиденелерге өте төзімді болып келеді.

Сәуір айында аталмыш штамм Ұлыбританияда және көрші Ресейде тіркелді. Тұманды Альбионда тұрғындардың басым көпшілігі ковидке қарсы вакцина салдырған. Дегенмен, 50-ге жуық науқаста арктур штамы расталды. Ал Ресейде 3 науқаста тіркелді.

Жаңа штамның белгілері тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел және конъюнктивит, яғни, көздің былшықтануы, дейді мамандар. 

Айта кетерлігі, Үндістанда арктурды жұқтырғандар саны 60 мыңнан асты.

Жаңа штамды тереңінен зерттеу ғалымдарға қиын болып отыр. Өйткені Ұлттық статистика қызметі коронавирус туралы ақпарат жинауды тоқтатқан. Геномдық қадағалау жүргізілмей келеді. Ал деректің азыдығы ғалымдардың қырағылығын азайтады, дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу