Осылайша, Қытай "Чжэньтань-1" ұңғымасын бұрғылап бітірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Такламакан шөлінің солтүстігіндегі ұңғыманың тереңдігі 8345 метрге жеткен. Бұл қытайлық қондырғымен бұрғыланған екінші аса терең ұңғыма саналады. Қондырғының 12 000 метрге дейін ұңғыма бұрғылауға мүмкіндігі бар.
Ұңғыма солтүстік-батыс Тарим бассейнінде тереңде жатқан мұнай-газ кеніштерін бағалауға арналған.
Қондырғы 82 метрлік болат мұнарамен, 6000 ат күші бар бұрғылау шығырымен жабдықталған, 900 тоннаны көтере алады. Басқару жүйесі бұрғылау жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қытай өзінің бұрғылау қондырғысын жасағаннан кейін 10 000 метрден терең ұңғымаларды бұрғылауға арналған импорттық жабдықтарға тәуелділіктен арылып отыр.