Осылайша, Қырғызстан қайта өңделген қағаз бен картон экспортына уақытша тыйым салып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл қадам ішкі нарықты қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, тапшылықтың алдын алу үшін осылай жасау қажеттігі туындаған.
Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігіне белгіленген тәртіппен Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны, ал Сыртқы істер министрлігіне ТМД Атқарушы комитетін уақытша тыйым салу туралы хабардар ету тапсырылды.
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі тауарлардың заңсыз экспортының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Министрлер кабинетінің кабылданған қаулысына сай, ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша жіктелген тауарларды 6 ай бойы экспорттауға тыйым салынбақ.