Көрші ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады

190

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Көрші ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтады Фото: president.uz

Ақпаратқа сәйкес, қос елдің Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әңгіме кезінде Шавкат Мирзиёев қабылданған түзетулер Қазақстанның тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, елдің халықаралық беделін нығайтуға қосымша серпін беретіні атап өтілді. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқына тұрақтылық, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа реформаларды жүзеге асыруда табыс тілеген. 

Қос президент өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, алдағы екіжақты және көпжақты кездесулердің кестесі де қаралды. Оның арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік салаларындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілету мәселесі бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамымен де құттықтап, екі халыққа амандық, береке мен өсіп-өркендеу тілеген. 

Айта кетейік, 2025 жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,97 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артқан. Экспорт көлемі 1,55 млрд доллар болып, 1,2 пайызға өскен. Ал импорт 16,6 пайызға ұлғайып, 3,4 млрд долларға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу