Көрші елдегі жойқын жарылыстан 20-дан аса адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 4 мамыр күні түстен кейін Қытайдың Люян қаласында тіркелген. 

Көрші елдегі жойқын жарылыстан 20-дан аса адам қаза тапты Фото: Синьхуа

Апат орнына жедел түрде өрт сөндіру-құтқару жасақтары жеткені айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясында орналасқан фейерверк зауытындағы жойқын жарылыстан кемі 21 адам қаза тауып, 60-тан астамы түрлі деңгейде жарақат алған. 

Жарылыс шамамен сағат 16:40-16:43 аралығында болған. Куәгерлердің сөзінше, жарылыс күшінің қуаты соншалық өндірістік ғимараттардың бір бөлігі опырылып, айналаны қою түтін басқан. 

Оқиға орнында жалпы саны 480-нен астам құтқарушы, бірнеше арнайы топ және үш құтқару роботы жұмылдырылған. 

Зауыт маңында оқ-дәрі сақталған қоймалар болғандықтан, билік қосымша қауіптің алдын алу үшін жақын маңдағы тұрғындарды эвакуациялап, арнайы қауіпсіздік аймақтарын құрды. 

Қытай билігі оқиғаға қатысты шұғыл тергеу басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, апаттың себептерін толық әрі жедел анықтау тапсырылған әрі өндірістік қауіпсіздік талаптарын күшейту міндеттелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу