Көршілес елде Парламент есігі шетелдік туристер үшін ашық болады

361

Экскурсиялар белгіленген тәртіппен аптасына бір рет ұйымдастырылады.  

Көршілес елде Парламент есігі шетелдік туристер үшін ашық болады Фото: kenesh.kg

Қырғызстанның Жогорку Кенеші шетелдіктер үшін аптасына бір рет ашық болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шетелдік қонақтар парламент ғимаратына экскурсия жасап, оның жұмысымен жақынырақ таныса алады.

Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің мәліметінше, экскурсия барысында туристер парламенттің музейі мен мәжіліс залдарын аралай алады.

Парламенттің баспасөз қызметі мұндай экскурсиялар шетелдік қонақтарға Қырғыз Республикасындағы негізгі мемлекеттік билік органдарының бірі – парламенттің қызметі туралы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар келушілер арнайы кәдесый бұрышынан естелік өнімдер сатып ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу