Қос азаматтығы бар 6 адам елден депортацияланды

196

Көші-қон заңнамасын бұзған бірнеше азамат жауапқа тартылды.  

Қос азаматтығы бар 6 адам елден депортацияланды Фото: pasporta.org

Жыл басынан бері Абай облысында азаматтыққа қатысты 12 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 6 шетелдік елден шығарылса, қалғаны айыппұл төледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң бойынша елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңның 3-бабына сай, еліміздің азаматы өзге мемлекеттің азаматтығында қатар жүре алмайды.

Егер қазақстандық азамат басқа елдің азаматтығын алса, ол 30 күн ішінде бұл жайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе консулдық мекемелерге хабарлауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады.

Сондай-ақ биыл жарты жыл ішінде Абай облысының көші-қон қызметі басқармалары мен бөлімшелері 269 азаматтықтан шығу туралы өтінішті тіркеген. Оның ішінде 263 өтініш – Ресей Федерациясының азаматтығына, қалғандары АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алуына байланысты берілген.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын бұзбауға, қос азаматтықты жасырудың салдары ауыр болатынын ұмытпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу