Бір жолаушыға 2 (екі дана) қосалқы аккумуляторды тасымалдауға рұқсат етіледі.
7 мамырдан бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің талабына сәйкес рейстерде қосалқы аккумуляторларды (power bank) тасымалдау ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қосалқы аккумулятордың сыйымдылығына байланысты:
- 100 Вт/сағ-қа дейін – рұқсатсыз тасымалдауға рұқсат етіледі;
- 100-ден 160 Вт/сағ-қа дейін – тасымалдаушының рұқсаты болған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;
- 160 Вт/сағ-тан жоғары – тасымалдауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, мамандар қосалқы аккумуляторды тек қолжүкте тасымалдауға рұқсат етілетінін, ал әуе кемесінің бортында оларды зарядтауға және пайдалануға тыйым салынатынын ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу