Қош бол, Қожа! Нұрлан Сегізбаев 74 жасында өмірден озды

232

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Сегізбаевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қош бол, Қожа! Нұрлан Сегізбаев 74 жасында өмірден озды Фото: Alash.kz

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды.

Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу