Көшербаев бастаған делегация Қытайда бірқатар компания басшыларымен кездесті

890

Көшербаев бастаған делегация Қытайда бірқатар компания басшыларымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапармен Қытай Халық Республикасында жүр. Делегация мүшелері Бейжің және Шэньчжэнь, Шанxай қалаларында болып, бірқатар ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сапар аясында Бейжің қаласында көмір, су электрстанцияларын салу және басқа да салаларда мол тәжірибесі бар CNEEC (Қытай ұлттық электр инжиниринг корпорациясы) компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Басқосуда Қызылорда облысында су және күн электр стансаларын салу жобалары талқыланды.
Сонымен қатар Бейжің қаласында шыны өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорынның бірі "China Triumph International Engineering Co., Ltd" компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізілді. Бұл компания Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуде. Зауыт биыл шілде айында іске қосылмақ.
Сонымен қатар, облыс әкімі Бейжің қаласының көліктік ситуациялық орталығы мен "Poly" (China Poly Group Corporation) компаниясының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Шиелі ауданында цемент зауытын салып жатқан "Гежуба Групп Цемент КО ЛТД" (China Gezhouba Group Cement Co., Ltd) компаниясы өкілдерімен кездесті.
Одан бөлек, "Cofco" компаниясының басшылығымен томат пастасын шығаратын зауыт құрылысы бойынша әріптестік мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу