Көші-қон саясатына қарсы шеруге шықты

927

Көші-қон саясатына қарсы шеруге шықты

АҚШ-тың бірнеше штатында таяуда сайланған президент Дональд Трамптың көші-қон саясатына қарсы мыңдаған адамның қатысуымен шеру өтті, деп жазды The Wall Street Journal.

Лос-Анджелес,  Сан-Хосе, Чикаго, Вашингтон және басқа да қалаларда ұйымдастырылған шеруде азаматтар Дональд Трамптың саясатына қарсылық  білдірді.

Басылымның дерегі бойынша, шерудің негізгі қатысушылары - Мексикадан шыққандар, аймақтық діни және құқық қорғау бағытындағы ұйымдардың өкілдері.

Дональд Трамп АҚШ-та заңнан тыс өмір сүріп жүрген 11 млн адамды елден шығарып жіберуді жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын. Сонымен қатар ол Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызуға уәде берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу