Көші-қонға қатысты бірқатар функция Ішкі істерден Еңбек министрлігіне өтеді

729

Көші-қон процестерін реттеуге және еңбек көші-қонына байланысты көші-қон саласындағы функциялардың біразы Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Көші-қонға қатысты бірқатар функция Ішкі істерден Еңбек министрлігіне өтеді

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" тиісті Жарлыққа биылғы жылдың 19 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды. Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі.

Көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу