"Қошқар ата" қалдықтар қоймасын қалпына келтіру процесін жеделдету қажет

398

Республикалық бюджеттен 266,2 гектар жерге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

"Қошқар ата" қалдықтар қоймасын қалпына келтіру процесін жеделдету қажет Фото: inbusiness.kz

Ақтауда 2024 жылдан бастап "Қошқар ата" қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің екінші кезеңін қалпына келтіру мәселесі талқыланды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманованың айтуынша, "Қошқар ата" қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жобалау сметалық құжаттарға түзету енгізуге байланысты тоқтатылды. Маңғыстау облысының әкімдігі жұмыс жобасын қаржыландыруды қарастыру үшін  Экология министрлігіне өтінім хат жолдады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 50 жыл бұрын радиоактивті қалдықтарды төгу үшін пайдаланылған "Қошқар ата" қалдықтар қоймасын залалсыздандыруды аяқтау қажеттігін атап өтті. Қалпына келтіріп қана қоймай, орман белдеуін құру үшін сексеуіл көшеттерін отырғызуды жалғастыру қажет", - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.                                           

Қалдықтар қоймасы бастапқыда үш кәсіпорыннан шығаратын радиоактивті қалдықтарды төгу үшін пайдаланылды.

Аталған көлді қалпына келтіру үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен 266,2 гектар жерге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. 2022 жылы жобаны түзету қажеттілігіне байланысты жұмыс тоқтатылды.                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу