Қошқар ата өзенінің бойындағы 96 нысан бұзылады

1138

Қошқар ата өзенінің бойындағы 96 нысан бұзылады

Қошқар ата өзенінің бойындағы 96 нысан бұзылады. Өзеннің екі жағалауын абаттандыруды қолға алған жергілікті билік осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы өзеннің бірінші бөлігі көркейсе, енді екінші кезеңдік жұмыстары бастау алған.

"ЛТД тұрмыс" серіктесігінің жұмысшылары өзеннің екі жағалауын 10 метрге дейін ашып, ішіндегі қоқыстарды тазартып, жағасын табиғи тастармен қалап жатыр. Жоба құрылысы үш кезеңнен тұрады дейді сала мамандары.

Ордабасы алаңынан бастап, Жангелдин көшесіне дейінгі аумақта бұзылуға жататын нысандардың саны жүзге жетеді. Оның 21-і құрылыс, 14-і қосымша құрылыс нысаны болса, 28 бос жер телімі, тағы 33-і гараж. Бұлардың барлығы сүріледі. Киелі өзен бастауының маңындағы үйлердің бұзылу, бұзылмауы әлі белгісіз.

"Үй егелерімен біраз жұмыс жүргізілді. Дегенмен де әлі толық шешім жоқ, қажетілікке қарай белгілі болады", - дейді қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов.

Қаладағы көлік кептелісін реттеу мақсатынды Қонаев даңғылын ұзартуға шешімі қабылданды. Жолды кеңейту барысында 73 нысан бұзылады. Сол құрылыстың 33-і бойынша мәселе шешіліп, егелерімен келісім жасалып үлгерген. Кейбірінің мәселесі сотта қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу