Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
"Жалпы оқиға орнында 6 адам болды, 5 адам Франция азаматтары болып табылады және бір Қазақстан азаматы. 1 зардап шеккен азамат (Франция азаматы) құтқарылды, біреуі көшкін астында қалып – мерт болды, оны ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары мен кинолог ит тапты. Оқиға орнында құтқарушылар тергеу тобын күтуде", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бірінші құтқарылған азаматты 109-құтқару қызметінің құтқарушылары, ал екінші турист, Франция азаматының денесін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық бригадасы тапты.
Бұған дейін қар көшкіні астында қалғандар Франция азаматтары екені анықталған болатын.
Құралай Құдайберген