Көшкін салдарынан Венесуэлада 25 адам қаза тапты

459

20 мыңға жуық ғимаратқа зақым келді. 

Көшкін салдарынан Венесуэлада 25 адам қаза тапты

Венесуэланың солтүстігіндегі Лас-Техериас қаласында көшкін салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты. Тағы бірнеше ондаған адам із-түзсіз жоғалған, деп жазады inbusiness.kz Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын "Хулия" дауылы әкелген нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше өзен арнасынан тасыған, қала көшелерін лай басты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңнан астам адам жұмылдырылды.

Венесуэланың солтүстік аймағында нөсер мен су тасқыны салдарынан барлығы 20 мыңға жуық ғимаратқа зақым келді. Аймақта инфрақұрылымның бұзылуы себебімен зардап шеккен аудандарға көмек жеткізу қиындық туғызуда.

Ел президенті үш күндік ұлттық аза тұтуды жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу