Пайдаланылмаған 3,6 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

992

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері ғарыштық мониторинг арқылы анықталды. 

Пайдаланылмаған 3,6 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

2020 жылы жоба пилоттық режимде жүзеге асырылды, ал 2021 жылы Қазақстанның барлық аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша ғарыштық мониторинг жүргізу әдісі енгізілді.

"Жалпы космомониторинг пайдаланылмай жатқан жерлерді немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша өзінің тиімділігін көрсетті, өйткені ол қысқа мерзімде республиканың барлық ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға талдау жасауға мүмкіндік береді, көзбен шолып қарау және пайдаланбау фактісін тіркеу жеке баруды қажет етпейді. Нәтижесінде, уәкілетті органдардың уақыт және материалдық шығындарын үнемдейді. Осылайша, космомониторинг қорытындысы бойынша 3,6 млн гектар пайдаланылмаған жер ерікті түрде қайтарылды", – деп нақтылады спикер.  

Бұдан басқа, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімдері қысқартылып, рәсімі оңайлатылды. 

"Осылайша, жер ондаған жылдар бойы пайдаланылмаған және айналымнан шығарылған, тозған, арамшөптер қаптап кеткен, кейіннен оларды қалпына келтіру қиынға соғады. Осыған байланысты, биылғы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды, сондай-ақ орынына шықпай космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін заңға қол қойды", – деді АШМ өкілі.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу