"Космос-482" Жер орбитасынан шығып, Үнді мұхитына құлады

264

Жер маңындағы кеңістікте жарты ғасырдан астам уақыт жүрген "Космос-482" ғарыш аппараты Үнді мұхитына, Джакартаның батысындағы аймаққа құлап, сапарын тәмамды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Космос-482" Жер орбитасынан шығып, Үнді мұхитына құлады Фото: life.ru

1972 жылы ұшырылған "Космос-482" аппараты орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлағаны туралы ақпарат "Роскосмос" Telegram-арнасында жарияланды.

Сала мамандарының мәліметінше, аппарат Мәскеу уақыты бойынша таңғы 09:24-те атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Ортаңғы Андаман аралынан 560 шақырым батысқа қарай орналасқан нүктеде жерге түсті. Құлау нүктесі Джакартаның батысында орналасқан.

"Космос-482"-нің орбитадан шығуы Жер маңындағы кеңістіктегі қауіпті жағдайлар туралы ескерту жүйесінің автоматтандырылған құралдарымен бақыланған.

Бұл аппарат Шолпанды зерттеуге арналған болатын, алайда үдеткіш блогындағы ақауға байланысты Жер орбитасынан шыға алмай қалды.

1972 жылғы сәтсіз ұшырылымнан кейін "Космос-482" Жердің эллипстік жоғары орбитасында қалып қойды. Ондаған жыл бойы оның траекториясы біртіндеп төмендеп, ақырында бақылаусыз түрде орбитадан шығып, мұхитқа құлады.

"ВЗГЛЯД" газеті жазғандай, "Роскосмос" баспасөз қызметі бұған дейін "Космос-482" аппараты 9-10 мамырда Жер атмосферасына еніп, құлауы ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін америкалық ғарыш сарапшысы Джонатан Макдауэл бұл аппараттың 2019 жылы Жерге құлайтыны жөніндегі Батыс басылымдарының болжамдарын жоққа шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу