Қосшы ауылы қала мәртебесін алады

2387

Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала атануы мүмкін, деп хабарлайды  Atameken Business.  

Қосшы ауылы қала мәртебесін алады

Ел Президентінің тиісті жарылығы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Ол келесі айдың 13-не дейін жалғасады. Ал, жарлықтың өзі ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді. "Ауылға қала мәртебесін беру жылжымайтын мүліктің өтімділігін, кәсіпкерлер мен тұрғындардың бизнесті дамыту үшін несиелік ресурстарға қол жетімділігін арттырады" делінген кұжатта. Айта кету керек, Қосшы елді мекені Нұр-сұлтаннан 25 шақырым жерде орналасқан және 2413 гектар аумақты алып жатыр. Ондағы тұрғындар саны 50 мыңнан асып кетті. Бүгінде онда 3 орта мектеп болса, оның 1-еуі жекемешік. Сондай-ақ, онда 22 балабақша бар. Ақмола облысында облыстық маңызы бар қала әзірге біреу ғана. Ол Степнагорс қаласы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу