Ақмола облысы Қосшы ауылының 6013 тұрғыны ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Мекеменің хабарлауынша, жексенбі күні "Завод строй" ЖШС жұмысшылары жер қазып жатып, диаметрі 315 мм магистралды құбырды зақымдап алған. Апаттың салдарын жоюға "Қосшы коммуналды қызметі" комуналды кәсіпорнының қызметкерлері мен техникасы (21 адам мен 14 техника) тартылды.
Құбырды қалпына келтіру жұмысы әлі аяқталған жоқ. Ауыл тұрғындарына ауыз су көлікпен жеткізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу