Қосшыда би сабағы кезінде 10 жастағы қыз жан тапсырды

Қайғылы оқиға жаттығу барысында тіркелген.  

Қосшыда би сабағы кезінде 10 жастағы қыз жан тапсырды Фото: shutterstock

Алдын ала мәліметке сай, сабақ уақытында баланың жағдайы кенеттен нашарлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналасқан спорт кешендерінің бірінде болған.

Ресми деректерден баланың "бронх демікпесі" диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Дереу жедел жәрдем және реанимобиль шақырылған. Өкініштісі сол, олардың барлық іс-әрекетіне қарамастан, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркелген.

– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу