Бүгін түнде Қосшы қаласында аумағы 250 шаршы метр автожуу орнындағы өрт сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нысан ішіндегі екі жеңіл автокөлік жанып кетті. Оның біреуінде газ-баллондық жабдық орнатылғаны анықталды.
Өрт алдымен ғимараттың шатырына тараған. Нысанның құрылымдық ерекшелігі мен жеңіл тұтанатын материалдардың болуына байланысты өртті сөндіру күрделі болды. Алайда өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп жалынның таралуына жол бермеді.
100 шаршы метр аумақты толықтай шарпыған жалын сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу